Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әсел Сәдуақасова Индонезияда қалай демалып жатқанын көрсетті (фото, видео)

Опубликовано:

Әсел Сәдуақасова
Фото: Instagram/asselsadvakassova

Жақында ғана Ресейге көшіп кеткен отандық актриса Әсел Сәдуақасова енді демалысқа аттанды. Өнер иесінің таңдауы Индонезияға түскен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әсел Сәдуақасованың шетел асып, демалысқа аттанғаны туралы Instagram парақшасынан белгілі болды. Ол алдымен жағажайдан видео жариялап, оқырмандарына қай елде жүргенін сұрады.

Ал кейін Индонезияда демалып жатқанын өзі айтты. Актриса желіде белсенділігін арттырып, Балидегі әр күні қалай өтіп жатқанын көрсетуде.

Киножұлдыз парақшасына ыстық мекенде түсірілген фото және видеоларын бөлісіп, оқырмандарын қуантып жатыр.

Желі қолданушылары оған жақсы демалыс тілеп, өз жылы лебіздерін білдірді.

Айта кетейік, бұған дейін Әсел Сәдуақасова Мәскеуге түбегейлі көшіп кеткенін хабарлаған еді. Өнер иесі бұл қалаға көшу өзінің асқақ арманы болғанын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1943886-asel-saduaqasova-indoneziyada-qalai-demalyp-zatqanyn-korsetti-foto-video/

pixel