Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көзге көрінбейтін еңбек": Жазира Байырбекова үйде бала бағып отырған әйелдерге жазба арнады

Опубликовано:

Жазира Байырбекова
Фото: Instagram/zhazira_bairbekova

Отандық танымал әнші Жазира Байырбекова үй шаруасында отырған келіншектерге деген ерекше сыйластығын білдірді. Өнер иесі оларға желіде жазба арнап, өз құрметін көрсетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жазира Байырбекова бала қарап, үйінің ұйытқысы болып отырған әйелдер туралы жазбасымен Instagram парақшасында бөліскен. Оның сөзінше, үй шаруасындағы келіншектердің еңбегі көп жағдайда еленбей жатады.

"Үйде бала бағып, отбасына ас-ауқат дайындап, шаңырақтың жылуын суытпай отырған аналар! Сіздердің еңбектеріңіз көзге көрінбегенімен, өте үлкен еңбек. Сіздердің перзенттеріңіз үнемі мейірімдеріңізге қанып өседі. Сіздердің сәбилеріңізді сағындырмай үнемі жанынан табылып, перзенттеріңізге беріп жатқан махабаттарыңызды, үнемі үйден табылып, отбасына, ас үйлеріңізге беріп жатқан жылулықтарыңызды ешқандай ақшаға ешкім сатып ала алмайды. Мен сіздерді құрметтеймін, аналар", - деп жазды әнші.

Желідегілер эстрада жұлдызының пікірімен келісіп, оған қолдау білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1944049-kozge-korinbeitin-enbek-zazira-baiyrbekova-uide-bala-bagyp-otyrgan-aielderge-zazba-arnady/

pixel