"Танысқанымызға 1 жыл": Мақпал Исабековаға жары қандай тосынсый жасады
Жарияланған күні:
Отандық танымал әнші Мақпал Исабекова желіде отбасылық қуанышымен бөлісті. Өнер иесі жолдасымен танысқанына тура бір жыл болғанын айтты. Бұл арнаулы күнге орай әртістің күйеуі оған ерекше тосынсый жасаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Бұл туралы Исабекова өзінің Instagram парақшасында айтып берді. Отағасы таныстықтарына бір жыл толуына орай, жарына бірінші кездесудегідей гүл шоғын тарту еткен.
"Бүгін шулы дыбыстан оянып кеттім. Көзімді ашсам, күйеуім бір құшақ гүлді шелектегі суға салуға тырысып жатқанын көрдім", - дейді ол.
Айтуынша, оны жолдасы оятып алмауға барынша тырысып баққан. Алайда ол ойы жүзеге аспай, сүйіктісі оянып кеткен. Қызықты оқиғасын баяндаған әнші жолдасымен қалай танысқанын баяндады.
"Екеуміздің көз жанарымыз түйіскелі туп-тура бір жыл өтіпті. Ол жайлы ойлағаннан-ақ, денем тітіркеніп кеткен күннен бастап бір жыл. Маған тесіле қарап отырған күнінен бастап бір жыл. Бүгінде мен - оның әйелімін, ол - менің күйеуім. Бұл көптен күткен әрі қалаулы кездесу болды. Біздің жанымыз бірін-бірін сағынғаны соншалық, Жаратқан бізді аяп, мені Шымкенттегі оның құшағына жіберді. Менің осындай кішігірім, тек маған ғана аян қуаныштарым көп. Мен үшін ол - құнсыз. Мен бақыттымын. Оның да бақытты екенін көремін. Бір жылдығымыз құтты болсын, сүйіктім", - деп жазды ол.
Желі қолданушылары ерлі-зайыптыны жарыса құттықтап, өз ақ тілектерін білдірді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1944103-tanysqanymyzga-1-zyl-maqpal-isabekovaga-zary-qandai-tosynsyi-zasady/