Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Болмасаң да ұқсап бақ": Асылхан Төлеповтің биі желіні жарды (видео)

Опубликовано:

Асылхан Төлепов
Фото: Instagram/assylkhantolepov

Қазақстандық танымал актер Асылхан Төлепов желіде билеп жатқан видеосын бөлісіп, елді тәнті етті. Оқырмандар киножұлдыздың биіне жоғары бағасын берген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Асылхан Төлепов Instagram парақшасында бидің түбін түсіріп жатқан видеосын жариялап, халықтың ыстық ықыласына бөленді.

Бейнежазбада классика стилінде киініп алған актердің ырғақты әуенге билеп жатқанын көруге болады.

Желі қолданушылары оның биіне тәнті болып, өзінің жоғары бағасын беріп жатты.

"Өзі актер, өзі спортшы. Енді бишілік қырынан да танып жатырмыз", "Жарайсың бауырым. Жақсы билеп қояды екенсің", "Бидің түбін түсіріпсіз ғой. Астанада неге күн жылып кетті десем, сіз келіпсіз ғой", "Сегіз қырлы, бір сырлы", "Нағыз азамат. Өзіне бәрі жарасады", "Осы жігітті ерекше сыйлаймын. Бір ерсі қылық танытып көрмеген. Мына биі де керемет шыққан", "Не деген би", - деп жазды көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1944554-bolmasan-da-uqsap-baq-asylxan-tolepovtyn-bii-zelini-zardy-video/

pixel