"Қайда апарарын бір Алла біледі": Досхан Жолжақсынов "көп әйел алу - рухани азғындау" деп санайды
Жарияланған күні:
Танымал актер Досхан Жолжақсынов қоғамда белең алып отырған "көп әйел алу" мәселесіне өз ойын білдірді. Ол "тоқал алу - рухани азғындау" екенін ашық айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Көп әйел алу туралы ойын белгілі актер Qasqa Jol Youtube арнасына берген сұхбатында айтты. Журналист Абай Сейфулланың «Жарыңыз Қарагөз Сүлейменова тоқал алыңыз» деп айтпай ма?» деген сұрағына:
«Ондай ойдан аулақпыз. Мен бұған дұрыс қарамаймын. Бүгінгі адамның қалыптасуын, бүгінгі адамның сана-сезімін бұрынғымен салыстыруға болмайды. Ол кезең жесірін қаңғытпаған, жетімін жылатпаған кезең. Сондай кезде туындаған дүниелер бәлкім құнды. Ал бүгінгі заманда бұл – рухани азғындау. Менің одан басқа айтарым жоқ», - дейді халық әртісі.
Айтуынша, бұл мәселенің арты көптеген проблемаларға әкелуі мүмкін.
«Оны өзінше дәлелдегісі келіп жүргендер де бар. Бәлкім, өзі жүрген ортаға дәлелдеп те жүрген болар. Өкінішке қарай «алма» дейтін заң жоқ қой. Бірақ мұның қайда апарып соқтырарын бір Алла біледі»,- деп пікір білдірді Досхан Жолжақсынов.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1944557-munyn-qaida-apararyn-bir-alla-biledi-dosxan-zolzaqsynov-kop-aiel-alu-ruxani-azgyndau-ekenin-aitty/