Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Операторға оқ атқан актер Алек Болдуин мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Алек Болдуин
Алек Болдуин. Фото: Getty Images/ Mark Sagliocco / Stringer

ABC телеарнасына сұхбат берген актер Алек Болдуин ешқашан адамға қару кезенбейтінін айтты.

"Мен ешқашан біреуге тапанша кезеніп, шүріппені баспас едім, ешқашан. Әлдекім қаруға оқ салып қойған. Түсірілім алаңында ешқашан болмауы тиіс оқты салған", - деді актер.

Болдуиннің сөзінше, ол реквизиттік қару қалай оқталып тұрғанын түсіне алар емес.

21 қазанда "Ржавчина" фильмінің түсірілімі кезінде голливуд актері Алек Болдуин оператор Галина Хатчинске оқ атып, салдарынан әйел қайтыс болған еді. Сондай-ақ ол режиссер Джоэль Соузды жарақаттаған болатын.

Болған оқиғадан кейін екі адам мен түсірілм тобының бірнеше мүшесі Болдуинді сотқа берді. Арыз жазушылардың бірі актердің қарудан қасақана оқ атқанын айтты. Сөзінше, сценарий бойынша тапанша ату қажет болмапты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1944868-operatorga-oq-atqan-akter-alek-bolduin-malimdeme-zasady/

pixel