Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жүрегім ауырып, жылап алам": Аяғы ауыр Салтанат Бақаева көңілін түсірген жандар туралы айтты

Опубликовано:

Салтанат Бақаева
Салтанат Бақаева. Фото: instagram.com/saltanat_bakayeva/

Актриса Салтанат Бақаева желіде өзінің көңіліне қаяу түсірген жандарға арнап жазба жариялады. Ол оқырмандарды позитивті өмір сүруге шақырды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Салтанаттың айтуынша, оған желіде жағымсыз пікір жазып, көңіл-күйін түсіретіндер көбейген. Қазіргі таңда жүкті болғандықтан, актриса желіде жазылған әр пікірге мән беріп, кейде тіпті көз жасына ерік береді екен.

Өзіне қатысты айтылған сөздер мен орынсыз сындар әбден шамына тиген үш баланың анасы оларға ашулы жазба арнады.

"Негативке толы өмір. Ол қандай екен? Бұл сұрақтың жауабын мен білгім келмейді және бұл менің таңдауым. Мен позитивті көңілде өмір сүргім келеді. Жаныма жағымсыз әсер ететін дүниеден барынша өзімді алшақтау ұстаймын. Сіздерге де соны тілеймін.
Соңғы постымда өте көп жағымсыз пікірлір жазылыпты. Бәлкім мен жүкті болмасам мән бермейтін едім, бірақ дәл қазіргі сәтте мен әр айтылған сөзді жүрегіме жақын қабылдаймын. Жүрегім ауырып, тіпті жылап аламын. Неге сіздер өміріңіздегі сәтсіздіктердің себепкерін басқа жақтан іздейсіздер? Мен әнші болып, бизнесмен бірден бизнесмен болып туылған жоқ. Бәріміз осы жолға, жағдайға жеткенге дейін қиналдық, еңбектендік. Ең бастысы, өмірімізді өзгертуден қорқпадық!

Өміріңізде бір нәрсе ұнамай жатса, өзгертіңіз. Өзгерістен қорқпаған адам ғана шынайы жетістікке жетеді. Өз өміріңізге жауапкершілікті алыңыз. Әрине, ең оңайы, біреуге бар кінәні жаба салу.

"Енем кінәлі, мамам дұрыс тәрбие бермеді, мұғалімім көп ұрысты, әншілер көп мақтанады" дегеннің бәрі сылтау. Адам өзін, өмірін өзгертемін деген шешім қабылдаса, міндетті түрде сол мақсатына жетеді. Неге олай істемейміз? Өйткені ерінеміз, ойланғымыз келмейді, қиындықтан қорқамыз. Сол үшін айтарым, өміріңіздің сәтсіз болғанына жеке менің еш кінәм жоқ", - деп жазды үш баланың анасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1944924-zuregim-auyryp-zylap-alam-saltanat-baqaeva-zukti-ekenine-qaramastan-konilin-tusirgen-zandar-turaly-aitty/

pixel