Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Арқалықтағы электрші": Желіде Қайрат Нұртастан айнымайтын жігіттің видеосы тарады

Опубликовано:

Қайрат Нұртас ұқсайтын бейтаныс жігіт
Қайрат Нұртас ұқсайтын бейтаныс жігіт. Кадр: instagram.com/kaz.stars/

Instagram желісіндегі пабликтерде отандық жұлдыз Қайрат Нұртасқа қатты ұқсайтын азаматтың суреті тарады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

kaz.stars паблигінде жария етілген видеода белгісіз ер азаматтың Қайрат Нұртастың әндерін айтып тұрғанын көруге болады. Оның бет-әлпеті эстрада жұлдызына қатты ұқсайды. Желідегі оқырмандар екі азаматтың ұқсастықтарына таңғалысты. Ал пікір жазған оқырмандардың бірі оның Арқалық каласы Восточный ауылының тұрғыны екенін жазған.

"Арқалық қаласы Восточный ауылының баласы, электрик", "Бет-әлпеті қатты ұқсайды екен", "Ауылдың баласы, кішкене өз-өзіне қарап жіберсе, нақ Қайраттың өзі болып шығады", "Қайрат егізің табылыпты", "Көзінің түсі көк сияқты, сол жағынан онша ұқсамайды екен", - деп жарыса жазды олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1945102-arqalyqtagy-elektrsi-zelide-qairat-nurtastan-ainymaityn-zigittin-videosy-tarady-video/

pixel