Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерке Есмахан туған күнінде алған бағалы сыйлықтарын көрсетті (фото)

Опубликовано:

Ерке Есмахан
Фото: Instagram/erke_esmahan

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Ерке Есмахан желіде туған күнінен кейінгі суретін бөлісті. Онда өнер иесі қалың көпшілікке жеке мерекесіне орай алған бағалы сыйлықтарын көрсеткен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ерке Есмахан аталмыш фотоны Instagram парақшасында жариялап қойған. Суретте әнші үйілген сыйлықтардың арасында отырғанын көруге болады.

"Туған күннен кейінгі отырыс осылай. Отырған Ерке орнын табар! Жаңа жасым, жақсылыққа толы болсын", - деп жазды ол суреттің астына.

Желі қолданушылары әртістің бұл суретіне қатысты түрлі пікір білдірді. Бірі оған қатты қызықса, енді бірі Еркенің мақтанып отырғанын бетіне басқан. Кейбір оқырмандар оның отырысын аса ерсі санаған.

"Ерке болғым келіп кетті ғой", "Қатты қызығып тұрмын. Қандай керемет сыйлықтар", "Туған күнінде біраз байыған секілді", "Сыйлықтарыңды мақтан етіп тұрғаның қызық екен", "Сені мақтаншақ деп ойламап едім", "Керемет, не деген сыйлықтар. Мен соңғы рет қашан сыйлық алғанымды да білмеймін", "Отырысыңыз ерсі", "Жерде отырғаныңыз ерсілеу көрінеді екен", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1945452-erke-esmaxan-tugan-kuninde-algan-bagaly-syilyqtaryn-korsetti-foto/

pixel