Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үміт үзгім келмейді": Ақбота Сейітмағамбеттің жазбасы елді ойландырып қойды

Опубликовано:

Ақбота Сейітмағамбет
Фото: Instagram/akbotanurabaykyzy

Отандық танымал әнші әрі актриса Ақбота Сейітмағамбет желіде жаңа жазба жариялап, оқырмандарын ойландырып қойды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Өнер иесі адамдардың балалық шағында анағұрлым ақылдырақ келетінін алға тартты. Әншінің сөзінше, ол кезде көпшілік барлығына уақыт таба біледі. Ал кейін есейген шақта керісінше, "уақыт жоқ" дегенді сылтау қылатынын айтты.

Сөз соңында ол "үміт үзгім келмейді" деп жазып, жасыл жүрекше қалдырған.

"Адам қайта балалық шағында ақылдырақ бола ма деп қалдым. Ол кезде ойынға да, мектепке де, үй шаруасына да, тіпті армандауға да уақытымыз молынан жетіп жататынды. Ал, есейіп, ер жеткен соң «уақыт жоқ» деген сылтауды қалай қолдану керектігін мықтап меңгеріп алдық. Үміт үзгім келмейді", - деп жазды Ақбота Instagram парақшасында.

Желі қолданушылары бірден актрисаның сөздерін қызу талқылап, оған қатысты өз ойларын айтты. Олардың басым көпшілігі бұл жазбаның кімге арналғанын білгісі келді.

"Көңіліңді түсірме, бәрі де жақсы болады", "Үміт үзбеңіз, бұл дүниеге келген әрбір жанның, әсіресе әйелдің бақытты өмір сүруіне құқысы бар", "Дұрыс айтасыз", "Иә, өмір зымырап өтіп бара жатыр", "Бұл сөздер кімге арналыпты екен?", "Сізбен толықтай келісемін", - деп жазды олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1945604-umit-uzgim-kelmeidi-aqbota-seiitmagambettin-zazbasy-eldi-oilandyryp-qoidy/

pixel