Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көптің бірі болып қалдың": Көзіне ота жасатқан Зарина Омарованы ел тағы да сынға алды

Опубликовано:

Зарина Омарова
Фото: Instagram/zarina_omarova_official

Отандық танымал әнші Зарина Омарова көзіне ота жасатып, халықты түрлі образдарымен қуантуда. Алайда, өнер иесінің бұл өзгерісі қалың көпшілікке ұнамай қалған көрінеді. Оқырмандар бұрынғы Заринаның анағұрлым әдемірек болғанын жазып, оны сынға алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Зарина Омарова ота жасатқаннан кейін шығармашылығына мықтап кіріскен. Шоу-бизнес жұлдызы түрлі жобаларға қатысып, өнер көрсетіп жүр.

Оған қоса, әнші Instagram парақшасында жаңа суреттерімен бөлісіп, желідегі белсенділігін де арттыруда. Алайда, әртістің бет-әлпетіндегі өзгерісі жанкүйерлеріне аса ұнамаған. Олар Омарованың әр фотосының астында өз наразылығын білдіруде.

Оқырмандардың басым көпшілігі Заринаны табиғи сұлулығын сақтап қалмағаны үшін сынап жатыр.

"Бұрынғы табиғи Зарина өтте сұлу еді. Енді көптің бірі болып қалдың. Сені ешкім танымайды", "Бұрынғы өте әдемі Зарина қайда? Әдемі болғанмен үлкен көрінесің", "Сіз биыл қатты өзгеріп кеттіңіз", "Бұрынғы табиғи Зарина қандай әдемі еді. Ал қазір көптің бірі секілді. Өкінішті", "Өзгеріп кетіпсің, мүлдем басқасың. Бұрынғы Заринаны елестете алар емеспін. Бұрын топ-томпақ әдемі едің", - деп жазуда халық.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1945621-koptin-biri-bolyp-qaldyn-kozine-ota-zasatqan-zarina-omarovany-el-tagy-da-synga-aldy/

pixel