Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ләйлә Сұлтанқызы: Балам "тоқал" сөзін түсінбеді

Опубликовано:

Ләйлә Сұлтанқызы. Кадр
Ләйлә Сұлтанқызы: YouTube/Гульнар Бажкенова

Отандық тележұлдыз Ләйлә Сұлтанқызы жеке өмірі, балалары және жолдасының балаларымен қарым-қатынасы туралы әңгімеледі. Бұл туралы ол Гүлнар Бажкеноваға берген сұхбатында баяндады. Айта кету керек, бұл танымал журналистің 2 жылдан кейін берген алғашқы ашық сұхбаты.

Сұхбат барысында журналист көптің көкейінде жүрген сұрақтарға жауап беріп, өзін "тоқал" деп айыптағандарға пікір білдірді. Ләйлә Сұлтанқызы өзінің "тоқал" еместігін кесіп айтты. Сонымен қатар ол "тоқал" сөзінің мағынасын біліп алып барып, қолданған жөн екенін еске салды.

"Мен тұрмысқа шығарда күйеуім ажырасқан еді. Маған дейін екі рет үйленген. Мұны ешқашан жасырған емеспін. Сондықтан да "тоқал" деген сөздің мағынасын біліп алайық деп айтамын. Бұл - менің тағдырым. Күйеуімнің балалары ол кезде кішкентай еді. Қызы - 5 жаста, үлкен балалары - жасөспірім. Соларға соққы болмас үшін күйеуім жайлы жар салмаймын деп келістік.

Бұл дұрыс шешім болды деп санаймын. Қазір балалар өсті. Бәрімен жақсы қарым-қатынастамыз. Мен күйеуімнің заңды әйелімін. Иә, үшіншісімін. Бұл - жазмыш.

Бұған ешкімнің, әсіресе балалардың кінәсі жоқ. Қазір "тоқал" дегенді естісе, күйеуім күледі. Басында ол шамданатын", - деді Ләйлә Сұлтанқызы.

Сұлтанқызының айтуынша, оның балалары "тоқал" деген сөздің мағынасын түсінбеген. Тіпті жазу-сызу білген үлкен ұлы интернет желісінен анасы туралы пікірлерді оқып қалып, бұл сөздің мағынасын сұрапты.

Кейін уақыт өте келе, тележүргізушінің жолдасы балаларына барлығын түсіндіріп, өзінің тағдыры солай болғанын баппен жеткізіпті. Ләйләның айтуынша, қазіргі таңда ұлдары бұл жайтқа түсіністікпен қарайды екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1946010-laila-sultanqyzy-balam-toqal-sozin-tusinbedi/

pixel