Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әлі көз алдымда": Мөлдір Мұқанова марқұм әкесін есіне алып, жылап қалды

Опубликовано:

Мөлдір Мұқанова
Фото: Instagram/moldir.mt

Белгілі отандық әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жары желіде жазба жариялап, әкесіне деген сағынышын жеткізді. Мөлдір Мұқанова марқұм әкесін есіне алып, оқырмандарына сыр шертті, деп жазады KAZ.NJR.KZ.

Мөлдір Мұқанова әкесі туралы жан сырын Instagram парақшасында ақтарған. Әзілкештің келіншегі құрбыларымен келе жатып, марқұм әкесін есіне алған. Ол бұл сәтте көзінен еріксіз жас аққанын мойындады.

"Кеше құрбыларыммен көлікте кетіп бара жатқанымызда менің қыс мезгілін қалай жақсы көретінім туралы әңгіме қозғалып кетті. Мен еш ойланбастан, одан сайын қыстың сүйкімділігі туралы рахаттанып эмоциямен ақтарылып әңгіме айтып отырғанымды байқаған бір құрбым "Бала кезіңізде ерекше есте қалатындай әдемі сәтпен байланысты болып тұр" дегені сол еді. Көзімнен жас бұрқ ете қалды. Көз жасымды құрбыларыма білдіртпеуге тырыстым.
Есіме әкем түсті. Күнде кешке бізді жұмыс орнының қасындағы үлкен, сондай биік сырғанаққа апарып, әбден құмарымыз қанғанша ойнатып келетін. Үлкен қызметіне қарамастан арасында бізбен бірге ойнап балаша қуанатыны да көз алдымда. Папа сені қатты сағындым", - деп жазды ол.

Оқырмандар Мөлдір Мұқановаға барынша қолдау көрсетіп, оны жұбатуға тырысты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1946108-ali-koz-aldymda-moldir-muqanova-marqum-akesin-esine-alyp-zylap-qaldy/

pixel