Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұлдарыма көз жасымды көрсетпеймін": Роза Рымбаева елге жан сырын ақтарды

Опубликовано:

Роза Рымбаева
Роза Рымбаева. Фото: instagram.com/rozarymbaeva/

Қазақстанның жарық жұлдызы Роза Рымбаева әнші Нұрлан Албанға берген сұхбатында өзінің жан сырын ақтарып, марқұм жолдасы Тасқын Оқаповты есіне алды. Айтуынша, ескі фотоальбомдарды қарағанды ұнатпайды, себебі өмірден өткен жақындарының суреттерін көріп, жылап қаламын, дейді әнші.

Эстрада жұлдызы өзіне ауыр тиетін әрі жүрегін жабырқататын жайттар туралы айтты. Өнер иесінің пікірінше, ол марқұм жолдасын еске алып, жыласа да, көз жасын еш уақытта балаларына көрсетпеген.

"Мен фотоальбомдарды, кинодокументтерді қарамауға тырысамын, себебі онда Тасқын жүреді. Өмірден өткен бауырым жүреді, ата-анам жүреді. Оларды көрсем міндетті түрде көзге жас келеді. Ең қиыны - Тасқын ғой.

Менің екінші бөлшегім, жартым, мені жұлдыз қылған, әнші қылған. Осы деңгейде жеткізген Тасқын. Мен Тасқындай азаматты әлі кездестірген жоқпын. Кездестірмейтін де шығармын. Себебі ол қайталанбайтын адам. Сондықтан архивтерді, кинодокументтерді көру мен үшін өте қиын.

Екі ұлыма көрсетпеймін. Олар менің жылап отырғанымды көрсе, іштен сынып қалады. Себебі оларға ана да, әке де, батыр да, қорған да - менмін. Мен мықты болуым керек. Сондықтан мен оларға көрсетпеуге тырысамын", - деген ол жан сырын ақтарды.

Одан бөлек, әнші өзіне өте сыни көзбен қарайтынын жеткізді.

"Мен өзімді жақсы көргенде, ең бірінші жасап жатқан өнерімді, соған адал болғанымды жақсы көремін. Өнер адал болса, халық жақсы көреді. Өзіңді емес, өнерді жақсы көру керек. Өнердің адамы болғандықтан, соны айтып отырмын. Ал енді өзімді қалай жақсы көрем? Өзімді қатты жақсы көремін деп айта алмаймын, сондай адаммын, көп кемшіліктерім бар, пендешіліктерім бар, қателесетін, артық кететіндерім бар. Мен оның барлығын жақсы білемін. Сондықтан өзімді жақсы көремін деп айта алмаймын. Сынап отырамын", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1946163-uldaryma-koz-zasymdy-korsetpeimin-roza-rymbaeva-elge-zan-syryn-aqtardy/

pixel