Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Төреғалидің қарындасы мен күйеу баласы ата-анасына елорда төрінен коттедж сыйлады (видео)

Жарияланған күні:

Дархан Нортаев пен Фариза Төреәлі ата-анасымен
Фото: Instagram/nortayevjj

Төреғали Төреәлінің қарындасы Фариза Төреәлі мен күйеу баласы Дархан Нортаев ата-анасына коттедж сыйлады. Зәулім үй Нұр-Сұлтан қаласының орталығында орналасқан, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл қуанышты жаңалығын Фаризаның өзі Instagram парақшасында бөлісті. Ерлі-зайыпты Таразда тұратын ата-анасын енді елордаға көшіріп алмақ. Олар қаланың төрінен зәулім үй сатып алған.

Жас жұбайлар ата-анасын қуантып, оларға жаңа коттедждің кілтін табыстаған сәтін де көрсеткен. Олар өміріндегі аса маңызды күндерінен желіде видео жариялады.

"Ата-анамызға Астананың төрінен коттедж сыйладық! Біз үшін үнемі дұғасын тілеп, бағып-қағу үшін бар өмірін арнаған жанашырларымыз! Ата-анамыздың разылығынан артық бақыт бар ма? Жанымызда болсын, жағдайларын жасайық деген мақсатпен Астананың орталығынан жер үй алдық, осы жылғы басты мақсатымызға Алла қалауымен жеттік! Жаным жай тауып, ерекше сезімге бөленіп отырмын.
Ата-анамызға біздің амандығымыздан артық ештеңе де керегі жоқ, десе де олардың разылығына жету - біздің міндет! Осы өмірде Алла разылығын көздеген адам - екі дүниенің бақытын тауып ғана қоймай, тура жолда болмақ. Сіздер бар жақсылыққа лайықтысыздар, Дархан екеуіміз бәрін жасаймыз! Тек аман болыңыздар", - деп жазды Фариза.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1946265-toregalidin-qaryndasy-men-kuieu-balasy-ata-anasyna-elordanyn-torinen-kottedz-syilady-video/