Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ауласында велосипед тепкен Мақпал Жүнісованың видеосы елдің ықыласына бөленді (видео)

Опубликовано:

Мақпал Жүнісова
Видеодан кадр: Instagram/zhunusova.makpal

Қазақ эстрадасының жұлдызы Мақпал Жүнісова желіде жаңа видео жариялап, елді таңғалдырды. Өнер иесі бос уақытын қалай өткізетінін көрсетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Мақпал Жүнісова елдің жылы лебізіне ие болған бейнежазбаны Instagram парақшасында жариялаған. Онда әртістің ауласында велосипед теуіп жүргенін көруге болады.

Бұл жайт бірден желі қолданушыларының назарына ілігіп, олардың ыстық ықыласына бөленді. Қалың көпшілік әншінің жасына қарамастан спортпен шұғылданып жүргеніне риза болған.

"Жарайсыз", "Не деген керемет көрініс", "Осы райыңыздан қайтпаңыз. Әркез қозғалыста болу керек", - деп жазды оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1946292-aulasynda-velosiped-tepken-maqpal-zunisovaga-el-tanti-boldy-video/

pixel