"Екі көзі бұлдырап, көрмей қалды": Зарина Омарова анасы ауырып қалғанын айтты

Опубликовано:

Зарина Омарова анасымен
Фото: Instagram/zarina_omarova_official

Отандық танымал әнші Зарина Омарова бүгінде басынан ауыр сынақ өткізіп жатқанын айтты. Өнер иесінің анасы қатты сырқаттанып қалған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Зарина Омарова оқырмандарына желіден көрінбей кетуінің себебін түсіндірді. Белгілі болғандай, әртістің анасы қатты ауырып қалған.

Өнер иесінің сөзінше, анасының қан қысымы көтеріліп, екі көзі бұлдырап көрмей қалған. Алайда, қазіргі уақытта дәрігерлердің арқасында оның жағдайы жақсарып келе жатыр.

"Екі күннен бері өзімді қай жерге қоятын орын таппай жүрдім. Баланы анамен, ананы баламен сынамасын Алла. Анамның қан қысымы көтеріліп, екі көзі бұлдырап көрмей қалды. Бірак қазір бірінші Алла қолдап, дәрігерлердің арқасында жақсы болып келе жатыр. Менің қымбатты оқырмандарым көптің тілеуі қабыл болады дейді ғой, менімен бірге Алладан сұрайықшы тезірек жазылып кетсін деп", - деп жазды ол Instagram парақшасында.

Желідегілер Омароваға анасының тез арада жазылып кетуін тіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1946329-eki-kozi-buldyrap-kormei-qaldy-zarina-omarova-anasy-auyryp-qalganyn-aitty/