Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Хабар» арнасында «Өнер барысы» жобасы көрерменге жол тартады

Опубликовано:

Өнер барысы
Фото: "Хабар" телеарнасы

Қазақ күресін дәріптеуге арналған «Өнер барысы» тележобасы «Хабар» телеарнасының эфиріне қайта оралуда. 16 желтоқсан күні сағат 13:00-де отандық әртістер мен ғаламтор желісінде танымал болған жұлдыздар күрес алаңына күш сынасу үшін жиналады.

Жобаның басталуы қарсаңында ұйымдастырушылар баспасөз конференциясын өткізіп, алдағы шоу туралы баяндап берді.

Конференция
Фото: "Хабар" телеарнасы

Биылғы шоуға 28 қатысушы іріктеліп алынды. Барлығы қалыптасқан дәстүр бойынша өтеді, яғни, алдымен салмақ топтары құрылып, кейін нағыз күрестің өзі басталады. Ойын ережесі кәсіби спорттағыдай: қапсыра ұстау, лақтыру және қолды қапсыра ұстап қағу сияқты күш техникаларын қолдану арқылы жүзеге асады. Бір ерекшелігі - жекпе-жектерге кәсіби балуандар емес, еліміздің танымал азаматтары қатысады.

Жоба ұйымдастырушылары көрермендерді керемет көрініс күтеді деген сенімде.

«Биыл қатысушылардың 60%-ы - жобаға алғаш келгендер. Олар спорттың техникасын әлі жақсы игермеген. Қазір біз оларды жаттықтырып, дайындап жатырмыз. Біз жарысқа белгілі блогерлерді, әншілерді, композиторларды шақырдық», - деді байқауды ұйымдастырушы Мейіржан Әлібек.

Алғашқы «Өнер барысы» жарысы 2019 жылы еліміздің елордасы - Астана қаласында өтті. Жобаның жанкүйерлері көп болғандықтан, теле-шоу жыл сайын өткізіле бастады. Бұл жолы жұлдыздар төрт салмақ дәрежесінде жарысады: жеңіл, орташа, ауыр және өте ауыр.

«Өнер барысы» жобасы республикалық «Қазақ күресі» федерациясының жарыстар күнтізбесіне енгізілді. Оның басты мақсаты- қазақ күресі ұлттық спорт түрін және салауатты өмір салтын насихаттау. Байқауға Асылхан Төлепов, Еркебұлан Дайыров сияқты актерлерден бөлек, әлеуметтік желілердегі танымал блогерлер қатысады. Олардың арасында Есентай Ниязбаев, Мансар Орынхан бар.

Конференция
Фото: "Хабар" телеарнасы
«Маған жобаға қатысу туралы ұсыныс түскен кезде, бірден келістім. Маған шоудың жарысу сипаты ұнайды. Менің ұлым өсіп келеді, мен оған үлгі болуым керек», - деді актер Рүстем Жаныаманов.

Байқаудың жалпы жүлде қоры - 16 миллион теңге. Ал әрбір салмақ дәрежесіндегі жеңімпаз бір миллионнан астам теңгені ұтып алады. Биыл жоба ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1946391-qazaqstan-tauelsizdiginin-30-zyldygy-ayasynda-xabar-arnasynda-oner-barysy-zobasy-korermenge-zol-tartady/