Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мені жалғыз тастап кетті": Тележүргізуші Анна Данченко желіде жан сырын ақтарды

Опубликовано:

Анна Данченко
Фото: Instagram/ann_2905

Қазақстандық танымал тележүргізуші Анна Данченк жан құрбысымен достығы не себепті үзілгенін айтып, желіде жан сырын ақтарды. Айтуынша, ол құрбысының көреалмаушылық қасиетін көріп, қатты таңғалған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Анна Данченко басынан өткен оқиға туралы өзінің Instagram парақшасында жазды. Тележұлдыз өз еңбегінің арқасында алғаш рет су жаңа көлік сатып алғанда жағымсыз жайттың куәсі болғанын айтады. Ол темір тұлпарын автосалоннан алып кетуге жан құрбысын да шақырған. Алайда, құрбысы қуанышына ортақтасудың орнына тележүргізушіні салонның алдында жалғыз қалдырып кетіпті.

"Осыдан үш жыл бұрын арманымдағы автокөлікті автосалоннан алу бақыты бұйырды. Көп еңбек етіп, қаражат жинаған мен өмірімде алғаш рет қымбат темір тұлпарға қол жеткіздім. Бір аптадан кейін ата-анам ауылдан келетін болды. Оларды теміржол вокзалынан жап-жаңа көлікпен күтіп алмақшы болып, анама да, әкеме де "тосынсый болсын" деп ол жаңалықты айтқан жоқпын.

Ал енді көлікті салоннан алып кететін күн келді. Жақын құрбыма бірге барып келейікші дедім. Қолымда екі нөмер, жүрегім дүрсілдеп қағып тұр. Бір жағынан толқып, екінші жағынан қорқып тұрмын. Бұрын-соңды бұндай автоның рөліне отырып көрмеген мен 10 жылдық тәжірибем болса да, қатты уайымдап отырдым. Автосалонға жеттік. Көлігім дайын. Үстінде үлкен қып-қызыл бантигі бар. Тура арманымдағыдай. Менеджер 15 минут күте тұрыңыз деді.

Көлікті көрген құрбым үндемей қалды да: "Үйде тамақ пісіріп жатқан едім, күйіп кетер", - деп, маған түсініксіз бірдеңе айтып, мені жалғыз тастап кетіп қалды. Менде шок. Менеджер шықты: "Құтты болсын!", - деп. Көңіл-күйім жоқ. "Жақындарыңызды күтейік па? Фото-видео түсіретін шығарсыз?", - деп сұрақтың астында қалдым. "Жоқ, өзім алып кетемін. Жалғыз. Суретке де түспеймін", - дедім. Осылай, өмірімнің ең керемет әрі бақытты сәті өтті", - деп жазды ол.

Тележүргізушінің айтуынша, бүгінде ол құрбысымен мүлдем араласпайды. Бұған өзге де жайттар себеп болған. Алайда дәл осы жағдай оның есінде қалып қойыпты.

"Осындай жаңа әрі қымбат көлікті үндемей алып кететін адамды бірінші рет көріп тұрмын. Оған қоса жалғыз өзіңіз жүрсіз", - деп әлгі менеджер жараланып тұрған жанымды тағы да ауыртты. Көлігіме отырдым. Бір жағынан өте бақыттымын, бірақ 10 жыл бойы құрбым деп жүрген адамым мені осылай тастап кетеді деп ойламаппын. Түсінгенім, өзгенің қуанышына барлық адамдар бірдей қуана алмайды екен, жаныңда жүрген кей жандар да.

Сол сәт әлі көз алдымда. "Неге олай жасап кеттің?", - деген сұрақтың жауабын да естімедім. Ол адаммен қазір мүлдем араласпаймын (басқа да себептері бар). Жалпы, автокөлік алу - үлкен арман, екінің бірі жасай алмайды оны. Бірақ менің қолымнан келді, шүкір. Бастысы - көп жылдар бойы жасаған еңбегімнің нәтижесі.Сіздерге де жұғысты болсын! Шын, шынайы қуаныштар, сүйіншілер есіктеріңізді қақсын, есімдеріңізді танысын, достар", - деп жазды Данченко.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1946615-meni-zalgyz-tastap-ketti-telezurgizusi-anna-dancenko-zelide-zan-syryn-aqtardy/

pixel