Мәдина Сәдуақасова Берлинде ән салып, немістерді тәнті етті (видео)
Жарияланған күні:
Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мәдина Сәдуақасова Германия астанасына іс-сапармен барып, жергілікті неміс халқын өз өнерін көрсетті. Олар қазақ әншісінің дарынына тәнті болған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Шоу-бизнес жұлдызы Германияға арнайы мерекелік шараға барған. Онда Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығы аталып өтуде. Ал оның ашылу салтанатына бару отандық танымал дизайнер "Arunaz" бен әнші Мәдина Сәдуақасоваға бұйырған.
Өнер иесі Берлин төрінде неміс тілінде ән шырқап, жиынға келген меймандарды таңғалдырды. Олар Сәдуақасовамен бірге қосылып ән айтқан.
"Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 30 жылдығын Германияның астанасы Берлин қаласында ерекше атап өтті. Мерекелік кеш белгілі қазақстандық дизайнер "ARUNAZ" - дың ұлттық және жаңа топтамасының көрсетілімімен ашылды. Мен концерттік бағдарламамды қазақтың халық әні "Япурай"- мен бастасам, әрі қарай скрипка мен флейтада қазақтың әуендері ойналып, жас дизайнерлердің заманауи, авангард стиліндегі киімдерінің көрсетілімімен жалғасты. Қазақстанның табиғатын, 30 жылдағы жетістіктерін қонақтар әдемі жасалған фильм арқылы көре алды. Неміс халқы ыстық сәлемімізді, сәні мен әнімізді өте жылы қарсы алып, Қазақстан халқын тәуелсіздік мерекесімен құттықтап жатты.
"Неміс халқы ұстамды, сәл қаттылау келеді"деді маған. Қол шапалақтағанға, эмоцияға онша жоқ деп. Бірақ, өздерінің сүйікті әндерін өз тілдерінде естігенде жүректері жібіп, әнге қосылып, ашылды кәдімгідей. Бір күнде жаттап алған неміс тіліндегі Франц Ксавьер Грубердың “Stille Nacht” әнін қалай орындағанымды сіздер де естіп қалыңыздар", - деп жазды Мәдина Instagram парақшасында.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1946653-madina-saduaqasova-berlinde-an-salyp-nemisterdi-tanti-etti-video/