"Бір жыл бірге тұрдым": Роза Рымбаева келінімен арақатынасы туралы бар шындықты айтты

Опубликовано:

Роза Рымбаева1
Фото: instagram.com/rozarymbaeva

Қазақ эстрадасының дүлділі Роза Рымбаева келін мен ене мәселесін көтеріп, оған қатысты өз ойын айтты. Өнер иесі өз келінімен бір жыл ғана бірге тұрып, кейін оларды бөлек шығарып жібергенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Роза Рымбаева өз келінімен қарым-қатынасы қандай екенін Нұрлан Албанға берген сұхбатында айтты. Әншінің сөзінше, ұлы жар таңдаудан қателеспеген. Халық әртісі Ақерке Бүркітбай нағыз өзі армандаған келін екенін алға тартты.

"Ене мен келін тақырыбы бәріне қызықты. Ақерке өнер адамы. Батыстың қызы. Қобызда ойнайды. Қазақы тәрбие алған. Нағыз менің келінім. Мен армандаған келін десем де болады. Шыным осы. Ененің жақсы болуы да, келіннің жақсы болуы да, екеуінің түсінігіне байланысты. Егер енесі қызындай көрсе, келіні анасындай қараса, онда жақсы қатынас орнайды. Оған қоса айналасы да, достары да, туыстары да, ата-аналар да жақсы қатынаста болу керек. Мен келінмен бір жыл тұрдым. Сосын үй алып, бөлек шығардым", – деді Роза Қуанышқызы. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1946830-bir-zyl-birge-turdym-roza-rymbaeva-kelinimen-araqatynasy-turaly-bar-syndyqty-aitty/