Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ләйлә Сұлтанқызы: Әйел қырық жанды деген сайын, тым ауыр жүкті арқалаудың қажеті жоқ

Опубликовано:

Ләйлә Сұлтанқызы
Фото: Instagram/sultankyzy

Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы желіде әйелдерге қатысты жазба жариялап, оларға келелі кеңесін берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ләйлә Сұлтанқызы Instagram парақшасында "әйел қырық жанды" деген ұғымды көпшілікке түсіндіруге тырысты. Оған қоса, ол бұл сөздің парқын түсінбей, оны орынсыз пайдаланып жүрген азаматтарға шүйлікті.

Тележүргізушінің сөзінше, қыз-келіншектер бүгінде тым ауыр жүк арқалап жүр.

"Әйел қырық жанды деген сайын, тым ауыр жүкті мойныңызға арқалап алудың қажеті жоқ, қыздар. Жанның көптігі туралы ер азаматтар айтса кейде жыным келеді. Сөздің парқын мен де түсінемін, бірақ қисыны келсе де келмесе де бұл сөзді орынсыз пайдаланатындар көбейіп барады. Мәселен менде 40 жан жоқ,ол жалғыз, ол нәзік, ол сый мен құрметті талап етеді", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1946860-laila-sultanqyzy-aiel-qyryq-zandy-degen-saiyn-tym-auyr-zukti-arqalaudyn-qazeti-zoq/

pixel