Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақтың біртуар ұлысың": Ердос Қанаев Еркін Нұржановты туған күнімен ерекше құттықтады

Опубликовано:

Еркін Нұржанов, Асқар Жүнісбеков пен Ердос Қанаев
Фото: Instagram/erdoskanaev

Қазақстандық танымал әнші Ердос Қанаев "Жігіттер" тобында өзімен бірге өнер көрсеткен досы Еркін Нұржановты туған күнімен ерекше құттықтады. Әртіс желіде оған жазба арнап, өзінің ақ тілегін жолдады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ердос Қанаев өзімен мектеп қабырғасынан бері келе жатқан жан досына деген жылы лебізін білдіріп, оны жаңа жасымен құттықтады. Әнші Еркін Нұржановты "қазақтың біртуар ұлы" деп атады.

"Балалықтың бал дәмін бірге көріп өскен, маған ямаханы үйреткен мектептегі сыныптасым, көршім (арамызда бір-ақ үй тұр), мектепте айтыстағы қарсыласым (екеумізден басқа ақын жоқ), "Сән-салтанат" тобындағы әріптесім (ауылда тойда екеуміз тойға шығатынбыз), универдегі группаласым (фи-01-1К2 тобы), "Жігіттердің" алғашқы құрылтайшысы, фирмач, бауырым, досым бүгін Еңкірдің (мен солай атаймын), ой, кешірім сұраймын, Еркіннің дүние ашқан күні. Ал, досым Алла өміріңе береке берсін. Өзіңмен мақтанатын қазақтың бір туар ұлысың. Алла ұрпағыңның қызығын, ізгілігін көруді нәсіп етсін. Бақытты бол, Алла қуанышыңды еселей берсін", - деп жазды ол Instagram парақшасында (ред. ескерту - автордың жазбасы өзгертуісіз берілді).

Желі қолданушылары да туған күн иесі бірден жарыса құттықтап, ақ тілектерін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1946866-qazaqtyn-birtuar-ulysyn-erdos-qanaev-erkin-nurzanovty-tugan-kunimen-erekse-quttyqtady/

pixel