Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бізден басқа ешкімге керек емес": Димаш Құдайберген ана тілімізді құрметтеуге шақырды (видео)

Опубликовано:

Димаш Құдайберген
Димаш Құдайберген. Видеодан кадр: instagram.com/kudaibergenov.dimash

Танымал әнші Димаш Құдайберген Instagram желісіндегі парақшасында қазақ тіліне қатысты бейнеүндеу жасады.

"Достар, жақында тіл төңірегінде сөз қозғаған бір жобаға осындай үндеу түсіріп берген болатынмын. Біздің жастарымыз тіліміздің таза болуына, өз жерімізде тіліміздің құнсызданып кетпеуі үшін еңбек ету керек деп ойлаймын. Қазақ тілімен қаруланған қандастарымыз, тілі біраз шорқақтау болып жүрген бауырларымыз қазақша үйреніп бастағанда қолдан келгенше қатесін түзеп жіберіп, көмектесіп, демеу беріп отырайық.

Біз Қазақстан деп аталатын өз жерімізде, өз елімізде мемлекеттік тілде яғни ана тілімізде сөйлеуіміз керек. Тілімізді мақтан тұтып жүрейік", - деп жазды Димаш видеоның сипаттамасында.

Сонымен бірге, әнші қазақ тілі - әлемдегі ең әдемі тіл екенін атап өтті.

"Егер біз қазақтың тілімен, мәдениетімен мақтанбасақ, баға тұтпасақ, құрмет тұтпасақ, ол тіл бізден басқа ешкімге керек емес.

Қазіргі таңда өмір заңына сәйкес, 21 ғасыр болғандықтан, әрбір азамат кем дегенде 2-3 тілді меңгеруге тырысуы керек. Соның ішінде қазақ баласына өзінің ана тілін білмеу, өзінің қазақ тілін білмеу - үлкен ұят нәрсе", - дейді Димаш Құдайберген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1946981-bizden-basqa-eskimge-kerek-emes-dimas-qudaibergen-ana-tilimizdi-qurmetteuge-saqyrdy-video/

pixel