Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жыл соңына дейін тапқым келген": Дәурен Айдарқұлов үшінші некесі туралы айтты

Опубликовано:

Дәурен Айдарқұлов
Фото: Instagram/daurenaidarkulov

Қазақстандық актер Дәурен Айдарқұлов желідегі парақшасына әзіл-шыны аралас жазба жариялады. Айтуынша, ол жыл соңына дейін сүйіктісін кезіктіріп, отбасын құрғысы келген. Алайда, актердің ойлағаны іске аспаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Дәурен Айдарқұлов осы жылы махаббатын таба алмағанына қынжылып, Instagram парақшасында өз өкінішін білдірді.

"Жыл соңына дейін алдыңғы орындыққа отыратын жолаушы табамын деп ойладым, бірақ Жаратушының өз жоспарлары бар. Мен өз кезегінде Аллаға және оның ең дұрыс шешіміне толықтай сенемін! Негізінде жыл әлі біткен жоқ", — деп жазды актер.

Желі қолданушылары өнер иесін барынша жұбатуға тырысқан. Олар актердің әлі де ғашығын жолықтыратынына сенім білдіріп, оған бақыт тіледі.

Ал кейбірі киножұлдызға бұрынғы жарына қосылу туралы кеңес берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1947033-zyl-sonyna-deiin-tapqym-kelgen-dauren-aidarqulov-usinsi-nekesi-turaly-aitty/

pixel