Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан «Junior Eurovision 2021» байқауында 10-шы болып өнер көрсетеді

Опубликовано:

Junior Eurovision-2021
Фото: "Хабар" телеарнасы

«Junior Eurovision 2021» халықаралық байқауына Қазақстан атынан өнер көрсететін қатысушылар - Әлинұр Хамзин мен Бекнұр Жәнібекұлының финалдағы реттік нөмірі белгілі болды.

19 желтоқсан күні өтетін байқаудың финалында біздің өнерпаздар оныншы болып өнер көрсетеді. Сахнаға шығудың реттілігі жеребе тастау нәтижелері бойынша анықталды. Парижде Junior Eurovision халықаралық ән байқауының финалына дайындық басталды.

Франция елінің астанасына әлемнің 19 елінен келген делегациялардың барлығы карантинде отыруға мәжбүр болды. Биыл эпидемиологиялық ахуалға байланысты ұйымдастырушылар ең қатаң қауіпсіздік шараларын ұстануда.

Байқаудың ашылу салтанаты көрермендердің қатысуынсыз өтті. Қатысушылар іс-шараны міндетті оқшаулану режимін сақтау үшін қонақ үйдің қабырғасында отырып тамашалады. Барлық делегациялар күнделікті тест тапсырып, қонақ үйден тек дайындыққа бару үшін шығады.

«Junior Eurovision 2021» халықаралық байқауына Қазақстан атынан Әлинұр Хамзин мен Бекнұр Жәнібекұлы қатысады. Олар Париж қаласында қызу дайындыққа кірісіп кетті. 19 желтоқсан күні өтетін финалда дарынды орындаушылар дуэт болып «Ертегі әлемі» атты әнді орындайды.

Жеңімпаз қазылар алқасы және көрермендердің дауыстарының нәтижесі бойынша анықталады. Дауыс беру 17 желтоқсанда басталады. Дауыс беру 3 қадамнан тұрады:

  • junioreurovision.tv сайтына кіру;
  • Барлық қатысушылардың қысқаша бейнероликтерін қарап шығу;
  • Әлинұр Хамзин және Бекнұр Жәнібекұлын, сондай-ақ басқа екі елдің қатысушыларын таңдау.

Финалға 19 елден келген балалар қатысады. Junior Eurovision байқауына 9 жастан 14 жасқа дейінгі өнерпаздар қатысады. Музыкалық байқауда кәсіби әділ қазылар алқасы және көрермендер, ең алдымен, орындаушы немесе топтың орындауындағы әнді бағалайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1947061-qazaqstan-junior-eurovision-2021-baiqauynda-10-sy-bolyp-oner-korsetedi/

pixel