Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бәрі, алтын ұлым, сен үшін": Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртасқа өлең жолдарын арнады

Опубликовано:

Гүлзира Айдарбекова
Гүлзира Айдарбекова мен Қайрат Нұртас: instagram.com/gulziraaidarbekova/

Қазақстандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртасқа желіде жантебірентерлік жазба арнады. Ол баласына деген жылы лебізін өлең жолдарымен жеткізген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Гүлзира Айдарбекова жұлдызды перзентіне деген өлең жолдарын Instagram парақшасында жариялаған. Онда ол баласы үшін тынбай еңбек етіп, бүгінде соның жемісін көріп жатқанын жазған.

"Еңбек еттім мың аралап ел ішін, Оның бәрі алтын ұлым, сен үшін. Ұйқысыз түн, күлкісіз күн өткізген, Сол еңбегім берді бүгін жемісін. Мақтанамын, мақтанамын, Мен өзіңдей өнерлі баламмен", - деп жазды продюсер.

Желі қолданушылары анасының ұлына деген ыстық ықыласына тәнті болып, оларға өз қолдауларын білдірген.

"Гүлзира ханым қалай мақтансаңыз да, мақтасаңыз да тұрарлық. Балаңыз еңбегіңізді ақтады. Жемісті әрі жеңісті бақытты күндеріңіз көп болсын. Керемет анасыз", "Жаным, осылай бақытты ана болып жүріңіз шаршамаңыз", "Жарайсыз, расымен сіздің ерен еңбегіңіздің арқасы ғой бәрі", -деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1947066-bari-altyn-ulym-sen-usin-gulzira-aidarbekova-qairat-nurtasqa-olen-zoldaryn-arnady/

pixel