Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қартайып кеткен" Димаш Құдайберген жанкүйерлерін таңырқатты (видео)

Опубликовано:

Димаш Құдайберген
Димаш Құдайберген. Видеодан кадр: youtube/Хабар SHOW

Танымал әнші Димаш Құдайберген "Omir oter" әніне түсірілген бейнебаянының тұсауын кесті. Видеода өнер иесі шашы ағарып, қарияның рөлін сомдаған. Димаштың тыңдармандары оның мұндай образына қатты таңқалған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Omir oter бейнебаяны "Хабар" телеарнасының Youtube каналында жарияланды.

"Адамдарға пайда тигізіп, олардың арманын жүзеге асыру идеясы болды. Мұны әркім әрқалай қабылдайды. Бұл бейнебаян бірнеше ұрпақтың көзқарасы мен тарихын, олардың ойлары мен мақсаттарын тоғыстырады", - дейді Қанат Айтбаев.

Бейнебаянның түсірілімі елордадағы "Астана Опера" театрында өткен.

Димаш Құдайбергеннің жаңа туындысын көрген жанкүйерлері оның әнді жүрекке жеткізе орындағанын жазуда.

"Міне, ғажап!!! Мен бұл әнді көптен бері күткен едім, диджитал-шоуда маған қатты әсер еткен болатын. Ал бейнебаянынан денем тітіркенім кетті! Рақмет, Димаш, бәріне рақмет!", "Димашты қартайған күйде көріп басқаша күйде болдым. Сөзін білмесем де жүрекке жетті", "Бар өмірім көз алдымнан өтті", - деп жазуда олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1947154-qartaiyp-ketken-dimas-qudaibergen-zankuierlerin-tanyrqatty-video/

pixel