«JUNIOR EUROVISION 2021»: Қазақстандықтарды Бекнұр Жәнібекұлы және Әлинұр Хамзинге дауыс беруге шақырамыз

Опубликовано:

Хабар Телеарнасы
Фото: Хабар Телеарнасы

19 желтоқсанда Junior Eurovision танымал музыкалық ән байқауы өтеді. Қазақстанның намысын 11 жасар Әлинұр Хамзин мен 8 жасар Бекнұр Жәнібекұлы қорғайды. Сарапшылардың пікірінше, талантты балалардың жеңіске жетуде барлық мүмкіндіктері бар.

Париждің төрінде қазақстандық өнерпаздар дуэт болып «Ертегі әлемі» атты әнді орындайды. 13 желтоқсан күні өткен «Junior Eurovision 2021» байқауының ашылу салтанаты кезінде тасталған жеребенің қорытындысы бойынша, біздің өнерпаздардың 10 нөмірде сахнаға шығатыны белгілі болды.

Ән байқауының финалы 19 желтоқсанда Парижде өтеді. Қатысушылар La Seine Musicale залының сахнасында жарқырайды.

- Біз қазақстандықтарды дауыс беруге және дарынды балаларға қолдау көрсетуге шақырамыз. Әлинұр мен Бекнұр ұлттық іріктеуде жеңімпаз болды. Сарапшылардың әншілер өнеріне берген жоғары бағасы, біздің жеңіске жетуге барлық мүмкіндігіміз бар деген пікірлері қуантады. Бұл жолы жеңіс біздікі болатынына үміттенеміз. Нәтиже әрқайсымызға да байланысты, - деді «Хабар» Агенттігінің Басқарма Төрағасы Ерлан Бекхожин.

Балалардың көңіл-күйі жақсы. Елдің намысын қорғайтындықтан, жоғары жауапкершілікті сезініп жатқанын жасырмады.

- Әрине, мен өзімді Қазақстанның нағыз батыры сияқты сезімдемін, - деді Бекнұр Жәнібекұлы

- Біз өзімізді жұлдыз ретінде сезініп жатырмыз, өйткені біз Парижге еліміздің намысын қорғауға келдік, - деп жалғастырды Әлинұр Хамзин.

Хабар Телеарнасы
Фото: Хабар Телеарнасы

19-шы «Junior Eurovision» ән байқауының жеңімпазы қазылар алқасының дауыс беруі және онлайн-дауыс берудің нәтижесінде анықталады. Дауыс беру жүйесі қалыптасқан дәстүр бойынша жүзеге асады. 50% қазылар алқасы шешеді және 50% онлайн дауыс берудің нәтижесі көрсетеді. Онлайн-дауыс беру junioreurovision.tv сайтында 2 кезеңде өтеді. Дауыс берудің бірінші кезеңі 17 желтоқсан күні сағат 01.00-де басталып, конкурстың финалы басталғанға дейін жалғасады.

Іс-шара аяқталғаннан кейін көрермендер өздеріне ұнаған қатысушылар үшін 15 минут аралығында дауыс беруге мүмкіндік алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1947164-junior-eurovision-2021-qazaqstandyqtardy-beknur-zanibekuly-zane-alinur-xamzinge-dauys-beruge-saqyramyz/