Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Түсінбейміз": Меломен тобы неге қарсы екендерін ашық айтты

Опубликовано:

топ
Фото: Instagram/melomen_official

Қазақ ән әлемінде ерекше дауыстарымен танылған Меломен тобы елімізден көшіп жатқан адамдарды сынға алып, керісінше туған жерді насихаттауға, өз еліміздің туризмін дамытуға шақырды. Олардың айтуынша, өз елімізге жететін ел жоқ. Бұл туралы топ мүшелері Нұрлан Албанға берген сұхбатында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Топ мүшелері сұхбат барысында өздерін нағыз патриот екендіктерін жеткізді. Тіпті отандық өнімдерді Instagram сияқты әлеуметтік желіде жарнамалау кезінде бір тиын да ақша алмайтындықтарын айтады.

Топ мүшесі Ролан Қазретовтің сөзінше, жарнама жасауға ұсыныс білдірген көбінде "дәмін көріңіз, болмаса киіп көріңіз" деген сынды ниетпен отандық өнімдерді сыйға тартқан.

"Әрдайым шын жүрегімізбен қолдаймыз. Себебі біз өзіміздің өнімімізді өзіміздің Қазақстанда өндіріп, өзіміз тұтынатын болсақ, біздің экономикамыз бұрынғыға қарағанда қаттырақ дамиды әрі жалпы Қазақстанның бюджетіне де қомақты ақщалар келе беретін болады", - дейді ол.

Өнер адамдары еліміздің туризмін дамытуға қандай үлес қоса алады деген сұраққа Меломен тобының мүшесі Қайрат Мырзахан:

"Мынау өнер адамы болғаннан кейін, біз халықтың алдында жүргеннен кейін, көбі өнер адамдарына қарап бой түзейді. Қазақстанның өте әдемі жерлері көп. Қазақстанда интернет жағы, әлеуметтік желі, оның ішінде инстаграмм деген өте жақсы дамыған. Оны қазақтың жастары өте жақсы меңгерген. Солар бүкіл әдемі жерлердің бәрін түсіріп үлгеріп, соны жақ-жаққа көрсетеді. Мысалы, біз бірнәрсені салсақ, ол жаққа келеміз. Бір подписчигі аз адам болатын болса, ол түсіреді, бірақ аз адам көреді. Тартылыс та көп болмайды. Мысалы бізде де бар ғой енді, азды-көпті адамдарымыз бар. Соны барған жерімізді салатын болсақ, әдемі жерлерді көрсетсек, өзіміздің жанымыздағы достарымыз, туыстарымыз: "қандай әдемі жер", "қай жерде жүрсіңдер" деген сұрақтар көп болады. Осыны ойлаймын мен. Егер түсіріп жүрсек, әдемі жерлерді көрсетсек, керісінше қызығушылықты көп арттырамыз. Осының өзі еліміздің туризміне қосқан үлкен үлес деп ойлаймын", - деп жауап қатты.

Сонымен бірге жұлдызды жігіттер Қазақстаннан көшіп жатқандар туралы айтты.

Олардың айтуынша, өзге елдің туризмін дамытуға үлес қосып, өзге елге көшу саясатын ұстанып жүрген бауырларға жұлдыздары қарсы.

Топ мүшесі Ғабит Әбілдаев бұл мәселеге келгенде Омар Жәлелді тыңдаған.

"Ол кісі кішкене дұрыс айтқандай болды. Мысалы Шәкәрім бабамызды айтты. Сыртта адам неғұрлым көп жүрсе, көбірек идея келеді екен.Түзде жүрген кезде қадірді түсініп, адамды ештеңе алаңдатпайды екен. Сол мақсатта көбісі кетіп жатқан себебін айтты. Енді естіп жатырмыз ғой. Түркияға неге көшіп жатыр деді ғой. Сол себептерін, өзінің де сонда жүргенін айтты. Шығармашылықты дамыту мақсатта деді. Ал енді кейбіреулері еркелейтін шығар. Үйде отбасында айтады ғой, жұрттың баласы идеал ғой. Сол секілді кейде халық айтатын сияқты, "жұрттың елдерін қарашы үйтіп жатыр, бүйтіп жатыр деп билікке". Сондай бір дүниелер шығар деп ойлаймын, бір ағамыз айтқандай. Билік пен халық ене мен келін сияқты дегендей", - дейді ол.

Осындай келелі ойларын ортаға салған олар бірауыздан елден көшіп жатқандарға қарсы екендіктерін білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1947186-tusinbeimiz-melomen-toby-nege-qarsy-ekenderin-asyq-aitty/

pixel