Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дауыс бер, Қазақстан! Бүгін "Junior Eurovision" байқауының финалы өтеді

Опубликовано:

Хабар телеарнасы
Фото: Хабар телеарнасы

Junior Eurovision халықаралық ән байқауының финалы бүгін, 19 желтоқсан күні, Францияның астанасы – Париж қаласында өтеді. Қатысушылар La Seine Musicale концерт залының сахнасында өнер көрсетеді.

Балалар ән байқауы «Хабар» телеарнасының тікелей эфирінде сағат 21:00-де көрсетіледі.

Хабар телеарнасы
Фото: Хабар телеарнасы

Қазақстанның намысын қорғайтын дарынды әншілер - Бекнұр Жәнібекұлы және Әлинұр Хамзин дуэт болып «Ертегі әлемі» атты әнді орындайды. Олар халықаралық байқауда 10-шы болып өнер көрсетеді. Жеңімпаз қазылар алқасы мен көрермендердің дауыстары нәтижесінде анықталады.

«СЕНІҢ ДАУЫСЫҢ - БІЗДІҢ ОРТАҚ ЖЕҢІСІМІЗ!»: ҚАЛАЙ ДАУЫС БЕРУГЕ БОЛАДЫ?

Дауысты junioreurovision.tv сайтында беруге болады. Ол үшін:

- junioreurovision.tv сайтына кіру;

- Барлық қатысушылардың қысқаша бейнероликтерін қарап шығу;

- Әлинұр Хамзин және Бекнұр Жәнібекұлын, сондай-ақ басқа екі елдің қатысушыларын таңдау қажет.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1947321-dauys-ber-qazaqstan-bugin-junior-eurovision-baiqauynyn-finaly-otedi/

pixel