Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан Junior Eurovision-2021 байқауында сегізінші орын иеленді

Опубликовано:

Әлинұр мен Бекнұр
Фото: junioreurovision.tv/Anfres Putting/EBU

Кеше, 19 желтоқсан күні Парижде Junior Eurovision-2021 байқауы мәресіне жетті. Додада Қазақстан өкілдері Әлинұр Хамзин мен Бекнұр Жәнібекұлы сегізінші орынға табан тіреді. Ақпарат байқаудың ресми сайтында жарияланды.

Байқауда Арменияның 14 жастағы өкілі Малена 224 ұпаймен топ жарды. Ал екінші орынды 218 ұпай жинаған Польша өкілі Сара Джеймс алды. Үздік үштікті Франция өкілі Энзо қорытындылады. Ол 187 ұпай иеленді.

Қазақстан өкілдері - 11 жастағы Әлинұр Хамзин мен 9 жасар Бекнұр Жәнібекұлы 12 ұпай жинап, сегізінші орынды місе тұтты. Қазақстандықтар "Ертегі әлемі" туындысын орындап шықты.

Айта кетейік, байқауда Украина алтыншы, ал Ресей жетінші орынды иеленді. Үздік ондықтың қатарынан Грузия, Әзірбайжан, Солтүстік Македония және Италия елдері көрінді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1947425-qazaqstan-junior-eurovision-2021-baiqauynda-segizinsi-oryn-ielendi/

pixel