jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Әйгілі актер тағы да қыз зорлады деген күдікке ілінді

    Жерар Депардье
    Жерар Депардье. Фото: instagram.com/scourier_ru

    Әйгілі француз актері Жерар Депардьеге тағы да қыз зорлады деген айып тағылды, деп хабарлайды zakon.kz сайты France News Live басылымына сілтеме жасап.

    Танымал актерді 25 жастағы актриса айыптап отыр. "Френк Дрейктің тергеулері" сериалының 25 жастағы жұлдызы Шаролатта Арнольд өз Twitter парақшасында француз актерінен қорлық көргенін жазған.

    Оның айтуынша, оқиға 2018 жылдың тамыз айында болған, бірақ актриса ол туралы осы уақытқа дейін тіс жармаған.

    "Мен Депардьенің құрбанымын. Енді үндемей жүре алмаймын. Бұл менің өмірімдегі ең ауыр соққы болатын шығар. Ештеңе керек емес. Тек өзімді түгелдей қалыпқа келтірсем болды",- деп жазды актриса.

    Ал 72 жастағы әртіс өзіне тағылған айыппен келіспейді. Жерар Депардьенің қорғаушылары оның адалдығын дәлелдеу үшін күресетінін айтуда.

    Еске сала кетейік, Жерар Депардье қыз зорлады деген күдікке осы жылдың ақпан айында ілінген еді.

    Актерді жас актриса айыптап, оқиғаның 2018 жылдың жазында болғанын айтқан. Аталған іске қатысты тергеу қылмыс құрамының жоқтығына байланысты 2019 жылдың маусым айында тоқтаған екен.

    Актер қыздың тарапынан тағылған айыпты теріске шығарыпты. Ал 2020 жылдың тамыз айында Париж прокуратурасы істі қайта қозғау туралы сұраныс жіберіп, қазан айында тергеу жұмыстары қайта басталған.

    Әйгілі актер тағы да қыз зорлады деген күдікке ілінді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.