RU

Қайрат Нұртас Қазақстанның туын АҚШ-та желбіретті

Қайрат Нұртас
Фото: Instagram/kair_n

Қазақ эстрадасының жұлдызы Қайрат Нұртас ел тәуелсіздігінің 30 жылдығын Америка Құрама Штаттарында атап өтті. Өнер иесі мерекелік шараға қатысып, Қазақстанның туын көкке көтерді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл қуанышты жаңалықты Қайрат Нұртастың анасы бөлісті. Ол Филадельфия қаласында өткен мерекелік шарадан видео жариялап, елді тәнті етті.

"Сүйінші, қазақ елі! Бүгін АҚШ еліндегі Филадельфия қаласында алғаш рет Қазағымыздың көк туын желбіреттік. Қазақстан елінің 30 жылдық мерейтойы құтты болсын! Елім-жерім деп, қыршын жандарын қиған қаншама азаматтарымыздың жандары жәннатта болсын! Жаса Қазақстан!", - деп жазба қалдырды ол Instagram парақшасында. 

Айта кетерлігі, аталмыш шараға Қайрат Нұртаспен бірге Марат Омаров та қатысқан.

Қайраттың өзі де барша отандастарын тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтаған.

"Ассалаумағалейкум бауырлар! Баршаңызды бүгінгі егемен еліміздің тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймын! Мен тәуелсіздікпен бірге өсіп келемін және еліміздің алған асуы мен бағындырған белесі өте көп. Соның бірі, шүкір, бүгін сіздермен жүздесіп, осынау алып мемлекеттің төрінде көк байрағымыздың көтеріліп жатқаны. Мен үшін осы күнді сіздермен осында атап өту үлкен бақыт!", - деп жазды әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1947447-qairat-nurtas-qazaqstannyn-tuyn-aqs-ta-zelbiretti-video/