Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал блогер Мейіржан Төребаев жарақат алып, ауруханаға түсті (видео)

Опубликовано:

Мейіржан Төребаев
Видеодан кадр: Instagram/meirzhach_tv

Отандық танымал вайнер Мейіржан Төребаев "Өнер барысы" жобасында жарақат алып қалды. Жағдайы нашарлаған желі жұлдызы ауруханаға түскен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы Мейіржан Төребаевтың өзі Instagram парақшасында хабарлады. Ол медициналық пунктке түскен сәтінен видео жариялады.

"Бұл мені тоқтата ма, білмеймін. Бүгін "Өнер барысы" өткен "Тараз Аренада" жастар көп болды, орын жоқ. Кей жерлерде қысым байқалды. Меніңше, көпшілігі көрген шоудан кейін спортпен айналысуды қалайды. Жобаның өзі қазақша күресті насихаттауға арналған. Сондықтан, шығамын ба, жоқ па, уақыт көрсетеді", - деп жазды. 

Желі қолданушылары вайнерге тезірек сауығып кетуін тіледі.

Айта кетейік, "Өнер барысы" додасында Асылхан Төлепов жеңіске жетті. Ол аталмыш сайыстың үш дүркін жеңімпазы атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1947542-tanymal-bloger-meiirzan-torebaev-zaraqat-alyp-auruxanaga-tusti-video/

pixel