"Саныңды жап": Мадина Сәдуақасова желіде сынға ұшырады
Жарияланған күні:
Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Мадина Сәдуақасова желіде жаңа образын көрсетіп, елден оңбай сөз естіді. Өнер иесінің жаңа кейпі қалың көпшілікке ұнамай қалған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Мадина Сәдуақасова жаңа суреттерін Instagram парақшасында жариялап қойған. Онда эстрада жұлдызының аяғын жалаңаштап тұратын көйлек киіп алып, айнаға қарап тұрғанын көруге болады.
Өнер иесі өзінің соңғы кезде салмақ қосқанын жазып, оқырмандарының кеңесіне жүгінді.
"Бел қайда, Мадикош?Арықтау керек секілді. Әлде болады ма?", - деп жазды ол.
Алайда, желі қолданушылары өнер иесіне кеңестерінің орнына, сыни пікірлерін жаудырды. Сәдуақасованың образы олардың көңілдерінен шықпай, желіде наразылық тудырды. Олар әртістің көйлегін аса ерсі санап, оны сөгіп тастады.
"Белді қайдам, іш киіміңіз көрініп қалмасын", "Саныңды жапқан дұрыс болар", "Белді қайтесіз, санды жабыңыз оданда", "Соңғы стильдеріңіз ұнамайды. Тым ерсі болып бара жатырсыз", "Ата-енеңізден ұят болды-ау. Қанша жерден әнші болсаңыз да", "Саныңыз жасыңызға сай емес, ерсі көрінеді", - деп жазды оқырмандар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1947748-sanyndy-zap-madina-saduaqasova-zelide-synga-usyrady/