Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үлкен той жасамадым": Танымал емші Айнұр Асқарқызы екінші рет тұрмысқа шықты

Опубликовано:

Айнұр Асқарқызы
Айнұр Асқарқызы: nstagram.com/ainur_askarkyzy/

Халыққа танымал емші әрі сынықшы Айнұр Асқарқызы тұрмысқа шықты. Бұл туралы ол әлеуметтік желіде жариялады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айнұр Асқарқызы отандық телебағдарламалар арқылы халыққа танылды. Одан бөлек, жұлдыздарды жиі емдейтін сынықшы ретінде де есімі кеңінен таралған.

"Аллаға шүкір еттім. Үлкен той жасамадым. Сыныптастарым, группаластарым, емші достарым, емші аға-апаларым, сыйлас жандар, басқа қаладағы достарым, бәріңізге бөлек-бөлек шәйім бар. Тек үлкендердің батасын алып, бас қосу болды мақсатым! Оқырмандарым, дұға тілектеріңізді күтемін. Дұғаларыңызға мұқтажбыз! Ата-анамның ақ батасы қабыл болсын", - деп жазды емші.

Емшіні құттықтаушылар қатарында қазақстандық шоу-бизнес өкілдері де көп.

"Айнуркам менің! Бақытты бол жаным!", - деп жазды Ерке Есмахан.

"Айнурчик, құтты болсын!", - деп Динара Сәтжан тілегін білдірген.

"Машалла, жаным сол! Аллаға сансыз шүкірлер! Бақытың баянды болсын", - деп жазды Алтынай Жорабаева.

Айгүл Иманбаева да Айнұрға тілегін қалдыра кеткен. "Бағың жансын, жаным", - деп жазды әнші.

Айта кетелік, бұл емшінің екінші некесі. Бүгінде ол қыз бала тәрбиелеп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1947826-ulken-toi-zasamadym-tanymal-emsi-ainur-asqarqyzy-ekinsi-ret-turmysqa-syqty/

pixel