"Махаббатқа жеңіл қараймын": AZ Еркемен қарым-қатынасына анасы қалай әсер еткенін айтты
Жарияланған күні:
Ninety One тобының бұрынғы әншісі Азамат Зенкаев (лақап аты - AZ) өзінің шығармашылығы, жеке өмірі және Ерке Есмаханға деген анасының көзқарасы туралы айтты. Әншінің айтуынша, кезінде Еркемен қосылуына анасы бірден-бір себеп болған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Бұл туралы AZ астролог Ирина Разаққа берген сұхбатында айтты.
Канал жүргізушісі сұхбат барысында жұлдызды қонаққа астрологиялық жорамал жасап, оны өміріндегі өзгерістермен байланыстырды. Мәселен, Ба Цзы іліміне сүйене отырып, ол AZ-дің анасының пікіріне көп құлақ асатыны бар екенін, "мамасының баласы" екенін жеткізді. Сонымен бірге, ол Еркемен қарым-қатынасына анасының көзқарасы қандай болды деген сұрақ қойды.
"Кім "мамасының баласы" емес? Анамның көзқарасы жақсы болды. Негізі, Еркемен қосылуыма бірден-бір себебін тигізген мамам ғой негізі. Тек мамам айтты деп жарайды деген жоқпын ғой. Барлық жағынан болды. Шын ғашықтық сезім оянды. Негізі мен сезімге, махаббатқа жеңіл қараймын өте. Мен еркіндікті қатты жақсы көре бермейтін адаммын. Өмірде маған отбасылық өмір қатты ұнайды. Тыныш үйде отырып, жұмыс істегім келеді. Үйден көп шыққым келмейді", - деді ол.
Сондай-ақ, ол махаббат жасқа қарамайтынын алға тартты.
Қазіргі таңда Азамат бір емес, бірнеше туынды әзірлеп жатқанын жеткізді. Ол өзін басқа қырынан көрсетіп, фанаттарын таңғалдырмақ.
"Адамдар іздеу үстіндемін көмекке. Қазір жалғыз өзім. Тек қана шығармашылық емес, басқа да жұмыстарды алып жүру қиын. Екі кеменің басын ұстап, батуға сәл-пәл жақын тұрмын. Қазір жалғыз өзіммін", - деді ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1947928-maxabbatqa-zenil-qaraimyn-az-erkemen-qarym-qatynasyna-anasy-qalai-aser-etkenin-aitty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.