Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ажырасқан кез келген ер адамның көзінде мұң тұрады": Нұртас Адамбаев отбасымен қалай қауышқанын айтты

Опубликовано:

Нұртас Адамбаев
Нұртас Адамбаев. Кадр: YouTube/Alibekov.kz

Отандық актер әрі режиссер Нұртас Адамбаев жеке өміріндегі қиындықтары, дінге қалай келгені және жан күйзелісі туралы блогер Бейбіт Әлібековке берген сұхбатында әңгімелеп берді. Адамбаев қатты қиналып, жаны тыныштық таппаған кездерін еске алды. Сондай-ақ ол отбасымен қайта қосылуға не себеп болғанын баяндады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Нұртас Адамбаевтың айтуынша, ол бірер жыл бұрын қатты күйзеліп, жанын қоярға жан таппаған. Сол кезде ол өзінің дінге қарай бет бұрғысы келетінін түсінген.

"Күйзеліске түскен адам жаман жолға түсуден аулақ болса екен. Мен сондай кезеңдерде барлық сұрақтардың жауабын ислам дінінен таптым. Әр адам өмірге келмей тұрып жазылып қоятын сценарийі бар. Барлығымыз сол бойынша жүреміз. Менің осы уақытқа дейін жүріп өткен жолым мені дінге алып келді. Күйзелісте адам жан дүниесі тазара бастайды. Біздің міндет - жанымызды тазарту. Оған жету үшін осындай халге түсесің. Алладан басқа саған ешкім көмектесетін жан жоқ екенін түсінесің. Жақындарың да, басқа да, бауырларың да. Ешкімің жоқ екенін түсінесің. Сонда Алланы іздей бастадым. Шүкір, таптым", - дейді ол.

Актердің айтуынша, 2020 жылы пандемия салдарынан "Келинка Сабина" туындысының 3-ші бөлімі жарыққа шықпай қалған. Сол жылы ол күйзеліске түскен. Десе де, бүгінгі таңда актер бұл күйзелістен кейін жұбайымен қайта қосылғанын жеткізді.

"Мен осыған қатты қуанамын. Осы уақытқа дейін қаншама ажырасқан ер адамдармен кездестім. Байқағаным, олардың көздерінде мұң тұрады. Отбасы туралы, балалары туралы айта бастағанда қатты байқалады. Сондықтан, мен де бірдеңені дұрыс жасамай жүрген шығармын деп ойладым", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1948128-azyrasqan-kez-kelgen-er-adamnyn-kozinde-mun-turady-nurtas-adambaev-otbasymen-qalai-qauysqanyn-aitty/

pixel