Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық Ернар Садырбаев пен Әлішер Кәрімов "Голос" байқауының финалына өтті

Опубликовано:

Ернар Садырбаев пен Әлішер Кәрімов. Видеодан алынған кадр: Первый канал
Ернар Садырбаев пен Әлішер Кәрімов.: Видеодан алынған кадр: Первый канал

Қазақстандық қос әнші - Amre лақап атымен танымал Ернар Садырбаев пен Әлішер Кәрімов ресейлік "Голос" байқауының финалдық кезеңіне өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Дима Билан тобындағы Ернар "Голос-10" байқауының бірінші финалисі атанды. Жартылай финалдан кейін берген сұхбатында қазақстандық әнші сахнада өзі үшін емес, өзінің бәсекелесі Ильхом Тагиров үшін алаңдағанын мойындады.

"Ол өте жақсы адам болғандықтан алаңдадым. Ондай жандар өте аз", - деп түсіндірді ол.

"Подберу музыку" әнін орындаған Amre өз өнерімен Леонид Агутинді таңдай қақтырды.

"Вокалдық мүмкіндіктеріңіз керемет. Таңғалудан жалығар емеспін. Сізге оңайға түсетін, ең жоғарғы ноталарда ғана емес, ауысуы қиындық тудыратын ноталарда да нақты орындайсыз. Ғажайып дауыс! Сұмдық!", - деп пікір білдірді Ернарға "Голос" тәлімгерлерінің бірі.

Нәтижесінде Дима Билан өз дауысының 60 пайызын Ернар Садырбаевқа, 40 пайызын Ильхом Тагировқа берді.

Көрермендердің дауыс беруі кезінде қазақстандық әнші 128,5%, оның қарсыласы 71,5% дауыс жинады.

28 қараша күні өмірден өткен Александр Градскийдің тобындағы Әлішер Кәрімов болса "Я тебя никогда не забуду" әнін орындады.

Ол финалдық кезеңге өту үшін Татьяна Качуринамен бірге бақ сынады.

"Әлішер, біздің шебер қазір сені мақтан тұтар еді деп асқан батылдықпен айта аламын. Жүрекке жеткізе білдің. Мұны жасқа толған көздерімнен де көріп тұрсың", - деді Пелагея көз жасына ерік беріп.

"Әлішер, сіз ғажайып адамсыз. Александр Градский сенімен мақтанар еді деген Пелагеяның сөзімен келісемін. Өйткені ешқандай гравитация сізді басқара алмайды. Сіз ұшып жатсыз. Осы үшін және сіздің бар болғаныңыз үшін рахмет", - деп қолдады әріптесін Дима Билан.

Көрермендер берген дауыстың нәтижесі бойынша екінші қазақстандық әнші - 52 пайыз, ал Татьяна Качурина - 48 пайыз жинады.

Сондай-ақ финалға «Голостың» тағы екі қатысушысы Александр Волкодав пен Элина Пан өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1948491-qazaqstandyq-ernar-sadyrbaev-pen-aliser-karimov-golos-baiqauynyn-finalyna-otti/

pixel