Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ойлану керек": Нұрболат Абдуллин мен Айгүл Иманбаеваның суреті желіні шулатты

Опубликовано:

Нұрболат Абдуллин мен Айгүл Иманбаева
Фото: Instagram/nurbullin

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Нұрболат Абдуллин өнердегі әріптесі Айгүл Иманбаевамен фото жариялап, елден сөз естіді. Желідегілерге қос әншінің фотосы жақпай қалған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Абдуллин бұл суретті Instagram парақшасында жариялаған. Онда өнер иесінің Айгүл Иманбаевамен бірге тұрғанын көруге болады. Фотода қос әнші бір-біріне қарап тұр.

"Оңай емес. Ойлану керек", - деген жазба қалдырып қойған Нұрболат Абдуллин астарлы суреттің астына.

Отандық әртістердің бұл қылығы қалың көпшілікке ұнамай қалған. Желі қолданушылары олардың суретін ерсі санап, сынға алған.

"Нұрбуллин мырза барған сайын шешіндіңіз ғой", "Құрметті өнер адамдары мына тұрған тұрыстарың дұрыс па енді? Егер сахнада қойылым қойылып жатса, түсінемін.
Ал мынау деген не тұрыс? Өнер адамдары деген бір жағынан келешек жастарға әдемі мәдениетті, сыпайы үлгі көрсететін жандар емес пе? Мынау деген бассыздық ғой", "Ұят қылық екен. Иманбаева ұялмайды ма?", "Өте ерсі көрінеді. Бұл фотоны бөліспей-ақ қою керек еді", - деп жазды желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1948682-oilanu-kerek-nurbolat-abdullin-men-aigul-imanbaevanyn-sureti-zelini-sulatty/

pixel