Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық блогер оқырмандарымен бірге сырқат қызға 106 млн теңге жинап берді (видео)

Опубликовано:

Жансерік Қадырбаев
Фото: Instagram/kadyrbayev_

Қазақстандық танымал блогер Жансерік Қадырбаев тараздық Айсезім Еркіннің еміне қомақты қаражат берді. Желі жұлдызы оқырмандарының көмегімен 106 млн 700 мың теңге жинап, науқас қыздың ата-анасына табыстады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жансерік Қадырбаев бүлдіршіннің еміне өзінің Instagram парақшасында ақша жинап бастады. Блогердің қайырымдылық шарасына оның барша оқырмандары қатысты.

Нәтижесінде небәрі үш күнде 106 млн 700 мың теңге жиналды.

Айсезімнің ата-анасы желі жұлдызының көмегіне риза болып, оған өз алғысын білдірді.

Желі қолданушылары да блогердің игі ісіне тәнті болып, оған жылы лебіздерін жеткізген.

"Жарайсың, қазақтың жанашыры", "Не деген игі іс", "Тек алға. Әр дұрыс бастамаңды қолдауға дайынбыз! Алла разы болсын!", "Жаным, бүкіл қазақ елін мойындатқан сенсің, саған сендік, сенімді ақтадың, жарайсың дегеннен басқа айтарымыз жоқ. Жарайсың", "Алладан мың еселеніп қайтсын", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1948710-otandyq-bloger-oqyrmandarymen-birge-syrqat-qyzga-106-mln-tenge-zinap-berdi-video/

pixel