Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйгілі Шварценеггер 10 жылға созылған ажырасу процесінен кейін әйелімен ресми түрде айырылысты

Опубликовано:

Арнольд Шварценеггер мен Мария Шрайвер
Арнольд Шварценеггер мен Мария Шрайвер. Фото: Richard Corkery/NY Daily News Archive via Getty Images

Әйгілі актер әрі Калифорния штатының экс-губернаторы Арнольд Шварценеггер әйелі Мария Шрайвермен заңды түрде ажырасты, деп хабарлайды Lenta.ru.

Арнольд Шварценеггер 1986 жылы АҚШ-тың экс-президенті Джон Кеннедидің жиені болып келетін тележурналист Мария Шрайверге үйленген еді.

Екеуінің ортақ төрт баласы бар. Алайда Мария 2011 жылдың шілде айында ажырасуға арыз берген.

Кейінірек, ерлі-зайыптының қарым-қатынасының бұзылуына актердің өзге арумен көңіл қосқаны және некесіз баласының бар болуы себеп болғаны анықталды.

Осылайша, он жылдан астам уақытқа созылған ажырасу процесіне 29 желтоқсанда нүкте қойылып отыр.

Басылым соттың ұзақ жылдарға созылуына ерлі-зайыптыларда мотивация болмауы және мүлікті бөлу кезінде туындаған қиындықтар себеп болғанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1949036-aigili-svarcenegger-10-zylga-sozylgan-azyrasu-procesinen-keiin-aielimen-resmi-turde-aiyrylysty/

pixel