Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әлсірегенде күш беріп, құлағанда тік тұрғызады": Әуелбекова әсерлі жазба жариялады

Опубликовано:

Мөлдір Әуелбекова
Фото: Instagram/moldir.auyelbekova

Отандық танымал әнші Мөлдір Әуелбекова желіде балаларына аса әсерлі жазба арнады. Өнер иесі қос қанатының арқасында өмірлік сынақтарға төзіп, тек алға жүріп келе жатқанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әуелбекова жантебірентерлік жазбасын Instagram парақшасында бөліскен. Шоу-бизнес жұлдызы ұлы және қызымен түскен суретін жариялап, оларға деген лебізін жеткізді.

Жалғызбасты әртіс қос перзенті үшін бұл өмірде қолынан келгеннің бәрін жасайтынын алға тартты.

"Менің екі қанатым бар, шүкір! Өмірімнің шамшырағы - Салтай! Дүниемнің жарығы - Айару! Алланың қалауымен, маған әлсірегенде күш беретін, жабырқағанда көңілімді көтеретін, мен құлағанда тік тұрғызатын, құлазығанда дем сыйлайтын қос қанатым - екі балапаным! Сендер үшін қолымнан келгенін бәрін жасаймын! Ботақандарыма лүпіл мен тілек болсыншы! Балаларымыз аман, бақытты болсын! Алла тілеулеріңізді еселеп берсін", - деп жазды әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1949244-alsiregende-kus-berip-qulaganda-tik-turgyzady-auelbekova-zelide-aserli-zazba-zariyalady/

pixel