RU
Шоубиз
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

"Көмектеспек түгіл, жағдай сұраспайды": Әуелбекова ұлының әкесі туралы айтты

Жарияланған күні:

Мөлдір Әуелбекова
Фото: Instagram/moldir.auyelbekova

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мөлдір Әуелбекова сәтсіз аяқталған некелері туралы жан сырын ақтарды. Өнер иесі ұлы мен қызының әкелерімен қарым-қатынасы қандай екенін ашық айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мөлдір Әуелбекова Instagram парақшасында сұрақ-жауап ашып, жеке өміріне қатысты бар шындықты айтты.

"Қыздар, жалпы ажырасу деген дұрыс емес! Менің жағдайымда басқа амалым болмады. Сіздің жағдайда амал болса, отбасын сақтаңыз. Басымнан өткенді дұшпаныма да тілемеймін. Тілмен сөйлеу оңай. Басыңызға түссе, түсінерсіз. Алла жар болсын", – деді әнші.

Сонымен қатар, өнер иесі бүгінде бұрынғы жолдастарымен балалары қандай арақатынаста екенін жеткізді.

"Қызымен көрісіп тұрады, әрі көмектеседі", - деді ол қызының әкесі туралы.

Әртістің сөзінше, ұлының әкесі баласымен көріспек түгіл, тіпті жағдай да сұраспайды екен. Бұрынғы жолдасы баласымен жылына бір рет көреседі екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/1950794-komektespek-tugil-zagdai-suraspaidy-auelbekova-ulynyn-akesi-turaly-aitty/

Жарияланымға реакцияңыз?

Мұнда әзірге ешкім пікір қалдырмады Тағы да оқыңыздар

Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.

jitsu gif