Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұртас Адамбай: Қазақстан енді ешқашан бұрынғыдай болмайды

Жарияланған күні:

Нұртас Адамбай
Фото: Instagram/nurtasadambay

Отандық танымал актер әрі кинопродюсер Нұртас Адамбай елімізде орын алған қайғылы жағдайдан кейін мемлекеттің даму жолында біршама міндеттеме жүктеген президентті қолдады. Ол мемлекет басшысы қабылдаған шараларға риза болды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Нұртас Адамбай Қазақстанның болашағын қалай көретінін өзінің Instagram парақшасында жазды. Ол еліміз енді бұрынғыдай болмайтынын айтты.

Оған қоса, актер президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенетінін жеткізді.

"Аллаға шүкір, "президентіміз керемет" деген сөзді ақыры аузымызға алатын кезді күттік. Алла тағала құран кәрімде "Жақсылық ауыртпалығымен келеді" деп үйретеді. Қазақстан үшін "қиын-қыстау" заман ақыры артта қалды деп ойлаймын. "Инвестиция" уақыты келді! Елбасының бүгінгі сөзі елімізге, халқымызға көмектесуге бел байлағанын көрсетті! Бірақ бұл біз, Қазақстан азаматтары, енді  бос отыруымыз керек және оның жалғыз біз үшін бәрін істеуін күтуіміз керек дегенді білдірмейді! Отанымыздың әл-ауқаты – баршамыздың қамқорлығымыз

Біз оған, елге, ең соңында, азат Қазақстанды құруға көмектесуіміз керек! Жемқорлықтан, қандасқұмарлықтан, надандықтан, кедейшіліктен, бюджет қаражатын ұрлаудан, мемлекеттік органдардың қарапайым халыққа немқұрайлы қарауынан, әлеуметтік топтардың арасындағы орасан зор алшақтықтан, құқық қорғау және сот органдарының озбырлығынан және басқа да қордаланған көптеген мәселелерден ада болуымыз керек. Біздің елімізде заманауи Қазақстанды бірге құруға қабілетті ақылды, білімді, дарынды, патриоттар жетерлік!

Тоқаев Қазақстанның болашақ құрылысын бастауға қабілетті болады деп ойлаймын! Елімізде және шетелде тұратын барша отандастарымыздыТоқаевтың бағытын қолдауға шақырамын! Соңғы 30 жылда азаматтарымыз билікке сенімсіздік танытуды әдетке айналдырды және бұл өте орынды болды. Біреулер елді жүйелі, мысқылсыз тонаудан пайда тапса, енді біреулері, яғни халықтың негізгі бөлігі үздіксіз әділетсіздік жағдайында өмір сүріп, көптеген әлеуметтік мәселелерді бетпе-бет кездестірді. Бірақ қазір бұл уақыт өтті! Қазақстан енді ешқашан бұрынғыдай болмайды! Мен сенемін! Мен президент Тоқаевқа сенемін! Мен бәрімізге сенемін! Кімнің дұрыс, кімнің бұрыс екенін анықтаудың қажеті жоқ. Әркім қателесуі мүмкін. Сондықтан ортақ болашағымыз үшін бірігейік! Осы керемет мүмкіндік үшін Аллаға сансыз шүкіршілік етемін", - деп жазды Нұртас Адамбай.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1950969-nurtas-adambai-qazaqstan-endi-esqasan-buryngydai-bolmaidy/