"Әуежай қабылдамады": Түркияда демалған Роза Әлқожа Алматыға орала алмаған

Опубликовано:

Роза Әлқожа баласымен
Фото: Instagram/roza_alqozha

Отандық танымал әнші Роза Әлқожа жаңа жылдан соң балаларымен Түркияда демалып қайтқан. Алайда, елге оралар кезде жұлдызды жанұя күтпеген жағдайға тап болып, Алматының орнына Түркістан қаласына ұшып келген. Себебі, елдегі тәртіпсіздіктер салдарынан оңтүстік астананың әуежайы ұшақтарды қабылдай алмаған болатын деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы Роза Әлқожа Instagram желісінде өз оқырмандарына айтып берді. Өнер иесі қалай ұшып келсе де, бастысы елге оралғанына өте қуанышты екенін жеткізді.

Жұлдызды жанұя Алматының орнына Түркістан қаласына ұшып барған. Кейін қасиетті мекеннен оңтүстік астанаға пойызбен жеткен.

"Ұлым мен қызыммен жаңа жылдан соң демалуға барып ек. Алматының әуежайы қабылдай алмағандықтан кеше Түркістан қаласына ұшып келдік. Стамбулда қалып қойғандарға жәрдем берген қазақ диаспорасын жолаушылар мақтап жатыр. Өзімізге консулдықтағы азаматтар ақпарат беріп отырды. Ең бастысы елдеміз.
Түркістанның әуежайына алғаш келуіміз, ғажап етіп салынған екен. Топырағыңнан айналайын қасиетті мекен! Құл Қожа Ахмет Яссауи бабам жатқан жер деп балаларыма қаланы көрсеттім.Алматының әуежайы да қалпына келер. Ең көрікті қалаға пойызбен аттандық. Алаңдаған жандарға аманбыз деп айтқым келді. Елдің келешегі ұрпағымызға жағдай жасасақ, әр ана бақыттымыз, әр әке ар алдында абыройлы", - деп жазды әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1951019-auezai-qabyldamady-turkiyada-demalgan-roza-alqoza-almatyga-orala-almagan/