Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сабылып нан іздеген адамдар": Түсіпбаева тәртіпсіздік кезінде не көргенін айтты

Опубликовано:

Меруерт Түсіпбаева
Фото: Instagram/meruert_tusupbaeva

Отандық танымал әнші Меруерт Түсіпбаева елімізде орын алған жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қандай көрініске тап болғанын айтты. Өнер иесінің сөзінше, нан тапшылығы халықты уайымға салған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Эстрада жұлдызы бірнеше күн бойы үйінде отырып, тек 6 қаңтарда ғана далаға шыққан. Әнші лаңкестер қиратып кеткен көшелерде енді қарапайым халық қаптап жүргенін айтады. Оның сөзінше, тұрғындардың барлығы дерлік дүкендерден нан таппай қиналған.

"Оянсам, жекеме осындай керемет позитивті фото келіпті. Фотоны бір қарап шығып, жасаған адамның фантазиясына риза болғаным. Бәлкім , Алматы тұрғындарымен бірге, осы күндері қамауда қалмасам, түсінбес едім. Неге қолымда гүл, немесе микрофон емес?! Наны несі дер едім. Ал, казір, қолыма нан ұстатқан адамға разымын! Ленинградтың блокадасында, бір үзім нанға ,талай кербез аса қымбат гаухар - жаhұттарын ауыстырған кездер болған ғой.
6 қаңтар түске қарай, далаға шықсам, маңайымда сабылып нан іздеген адамдар. Өйткені, дүкендерде нан жоқ. Көп дүкендер жабық. Ырымшыл қазақпыз ғой. Позитив болсыншы! Нан таусылмасын! Қазақтың берекелі дастарханы тек жақсылыққа жайылсын! Қазақтың тойы бітпесін. Ағайын аман болғай! Басымыздан өткен трагедия қайталанбасын! Мойымаңыздар! Алға, қазақ", - деп жазды өнер иесі Instagram парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1951139-sabylyp-nan-izdegen-adamdar-tusipbaeva-tartipsizdik-kezinde-ne-korgenin-aitty/

pixel