Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өз ісіне жауап беретін, босқа сөлеймейтін адам": Сәдуақасова Алматы әкіміне қолдау білдірді

Опубликовано:

Мадина Сәдуақасова
Фото: Instagram/sadvakasovamadina

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мадина Сәдуақасова әлеуметтік желі арқылы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевқа өз қолдауын білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мадина Сәдуақасова шаһар басшысын өзі жеке танымаса да, оны аса жауапкершілікті адам деп санайтынын айтты. Әншінің сөзінше, Сағынтаевтың арқасында қалада бірқатар жұмыстар істеліп, Алматы берекелі қалаға айналып келе жатқан.

"Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевты жеке танымаймын. Бірақ алматылық ретінде айтарым: Алматымыз қанды оқиғаға дейін бір берекелі қалаға айналып келе жатқан "Город без окраин" деген стратегиясының нәтижесін қаланың шет жақтарында тұрып жатқанның барлығы көрді: жарық, орталық канализация, жылу, жолдар. Сенбесеңіздер, сол жақтарға барып көрсеңіздер болады немесе үлкен кісілерден сұрасаңыз айтып береді.
Алматы арнасында бұл кісі тікелей эфирға шығып тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп тұратын. Менің көзіме, бұл кісі өз ісіне жауап беретін, босқа сөйлемейтін, сабырлы, істің адамы сияқты. Әдемі сөйлеп, бірақ іске келгенде дым бітірмейтін, "показуха" жасайтын адамдарды да көріп жүрміз ғой. Ал, Алматымызға түскен қаңтардағы қанды күндер ешқандай өңірге, тұрғындарына, басшысына келмесін", - деп жазды әнші Instagram парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1951513-oz-isine-zauap-beretin-bosqa-soleimeitin-adam-saduaqasova-almaty-akimine-qoldau-bildirdi/

pixel