Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аша Матай: Бейбіт шерулердің қайғылы трагедияға ұласқаны өкінішті

Опубликовано:

Аша Матай
Фото: Instagram/asha_matai

Отандық танымал әнші әрі актриса Аша Матай елімізде орын алған жағдайларға қатысты өз ойын айтты. Өнер иесі бастапқыда халықтың орынды талабымен басталған бейбіт шерулердің кейіннен лаңкестердің салдарынан қайғылы трагедияға ұласқанына қынжылды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Аша Матай елдегі жағдайлардан соң, өмір бұрынғыдай болмайтынын айтты.

Сондай-ақ, әнші жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қаза тапқандардың туыстарына қайғыра көңіл айтты.

"Құрметті менің оқырмандарым! Елімізде болып жатқан оқиғалар мені де бей-жай қалдырған жоқ. Біраз күндер өтті, есімді енді жиып, жүрегім тынышталуда. Халықтың орынды талабы, әділ наразылығынан басталған, еліміздің қалаларында болған бейбіт шеруінің әлдебір арандатушылар мен теріс пиғылдағы террористердің кесірінен қайғылы трагедияға ұласқаны өкінішті-ақ. Қайтыс болған тәртіп сақшылары мен әскери қызметкерлердің туыстарына және бақилық болған бейбіт адамдардың туыс-жақындарына қайғырып көңіл айтамын", - деп жазды ол Instagram парақшасында.

Оған қоса, Аша Матай президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа зор үміт артып отырғанын айтып, оған өз қолдауын білдірді.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жариялаған үндеуі еліміздің болашағына жаңа бетбұрыс әкелетіндей үміттендіріп отыр. Осы үмітіміз орындалғай ағайын, қазағымыздың басына "Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман" орнаса екен деп тілеймін жаратушы иемізден. Өмір енді баяғыдағыдай бола алмас. Бірақ жүрекке жылу сыйлаған бүгінгі күніме шүкір". - деді тележүргізуші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1951576-asa-matai-beibit-serulerdin-qaigyly-tragediyaga-ulasqany-okinisti/

pixel